Ұлттық қауіпсіздік комитеті әуежайда күдіктіні қалай іздейді?

Опубликовано
Мамандар адамның өтірік айтып тұрғанын оның мимикасынан анықтайды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығының 2019 жылғы жұмысы қорытындыланды. Биыл әуежайларда профайлер-мамандардың қызметі ұйымдастырылған.

Айта кетейік, профайлер – өтірікті адамдың бет-әлпеті, сөйлеу мәнері, ым-ишарасы негізінде анықтайтын маман. 

«Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің №2396 қарары шеңберінде авиациялық көліктегі жолаушылар легінде профайлер мамандардың қызметі ұйымдастырылды», – делінген ҰҚҚ таратқан хабарламада. 

Сонымен қатар, жиын барысында террористік оқиғаларға жол бермеуге және еліміздегі тұрақтылықты сақтауға күш салынғаны атап өтілді.

Қолға алынған шаралар нәтижесінде, 3 рет террористік әрекеттің жолы кесілсе, 7 радикалдық топ пен 34 экстремистің қылмыстық әрекеті бейтапатандырылған.

2019 жылға белгіленген барлық мақсатты индикаторларға қол жеткізілген.
 

Читайте также