Павлодар облысы әкімінің қайда екені белгілі болды
Бақауов және оның орынбасары Арыстан Қабыкенов әдеттегі тәртіппен жұмыс істеп жатыр, қазірге кезде олар жұмыс сапарында.
«Қазіргі таңда облыстық әкімдіктің басшылығы әдеттегі тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімі өз орнында, бірақ ол жұмыс мәселелерімен қалаға шығып кеткен. Таңертең ол инвесторлар үйінде мәжіліс өткізу керек болатын, бірақ жұмыс кестесінде қарбалас орын алғандықтан кездесуді оның орынбасары Арыстан Қабыкенов өткізді», – деп хабарлады аймақ басшысы баспасөз қызметінің жетекшісі Ернар Сейітахмет.
Осы орайда, Павлодар облысының сотындағылар аталған мемлекеттік қызметшілерге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі материалдардың түспегенін хабарлады.
Естеріңізге салсақ, сәрсенбі, 15-қаңтарда БАҚ-та Павлодар облысы әкімінің өзінің көмекшісі және орынбасарларының бірімен бірге Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланған-ды. Кейінірек әкімдік осы хабарламаларға қатысты пікір білдірген болатын.