Былтыр елімізде машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 3,1 млрд теңгеге жетті – Индустрия министрлігі

Жарияланды

Фото: .kursiv.media

2022 жылы елімізде машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 3,1 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан елордада өтіп жатқан «Мұнай-газ машина жасау саласын дамыту» форумында мәлімдеді.

«Мұнай-газ машина жасауды дамыту жөніндегі халықаралық орталық ірі мұнай-газ жобаларында технологияларды трансферттеуге және өндірістерді оқшаулауға жәрдемдесу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 2022 жылы Қазақстанда машина жасау саласының өндіріс көлемі 3,1 трлн теңге болды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 35%-ға өсті», – деді вице-министр

Қазақстанның ішкі нарығы өткен жылдың қорытындысы бойынша шамамен 20 млрд доллар болды. Оның ішінде отандық өндірістің үлесі 12,5%-дан аспайды.

«Теңізшевройл», «Қарашығанақ патролеум оперейтинг» және «Норт Каспиан Оперейтинг компани» операторларының машина жасау саласы тауарларын сатып алуы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 171 млрд теңгені құрады», – деді ол.

Бұл көрсеткішті ұлғайту үшін 3 ірі операторға жергілікті бизнесті қолдауға, оны дамытуға жәрдемдесуге, сондай-ақ өз кәсіпорнының айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құруға бағытталған жеке бағдарламаларын қабылдау ұсынылды.

«Мемлекет тауарларды сатып алудағы төмен көрсеткіш ішінара ірі мұнай-газ операторларының қымбат халықаралық сертификаттардың (ASME, API, IEC, ATEX) талабына және олардың жергілікті өндірушілерде болмауына байланысты екенін түсінеді. Осыған байланысты министрлік халықаралық стандарттарға сәйкестігін растау кезінде жұмсалған сертификаттау шығындарын өтеу бөлігінде отандық өндірушілерді қолдау мәселесін пысықтап жатыр», – деді Иран Шархан.

Қолданыстағы ережелер бойынша шығындар 50% мөлшерінде өтеледі, бірақ 3 000 АЕК немесе 10,3 млн теңгеден аспайды.

Өнеркәсіпті ынталандыру шараларына 2023 жылға 2 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінде сертификаттауға жұмсалған шығындарды өтеуге бөлінген қаражат көлемі – 1,8 млрд теңге.

Сондай-ақ оқыңыз