Рухани жаңғыру болмайды: «Рухани жаңғыру жобасы» заңды негізде тоқтайды

Жарияланды
Фото: GOV.KZ

«Ашық НҚА» порталында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының күшін жою туралы қаулы талқыланып жатыр.

«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 қаулысының күші жойылды деп танылсын», делінген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген құжатта.

Түсіндерме құжатта бұл жобадағы мақсат-міндеттер мемлекеттік басқа бағдарламалар мен жобаларда жалғасын табатыны айтылған.

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысының қорытындысы бойынша бақылауды бекітудің 5-тармағына сәйкес «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының іс-шараларын одан әрі күшін жоюға ұсына отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа құжаттарына интеграциялауды аяқтау тапсырылды. Үкімет аппаратына енгізу мерзімі – 2023 жылғы тамыз», деп түсіндірілген құжатта.

Қаулы 14 тамызға дейін талқыланып, қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз