Қаржы министрі: Қайырымдылыққа ақша жинайтын адамдарды тіркеу қажет

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қаржы министрі: Қайырымдылыққа ақша жинайтын адамдарды тіркеу қажет / коллаж kursiv.media

Қаржы министрі Мәди Такиев қайырымдылыққа ақша жинайтын азаматтарды ресми тіркеуден өткізу қажет екендігін айтты.

«Әртүрлі азаматтар балаларға көмектесу, қайырымдылық, балаларды емдеу үшін түрлі сылтаулармен ақша жинайды. Ақша жиналып, үлкен сома жиналғанда, миллиардтаған сома жиналады. Сонымен қатар бұл ақша жиналған адамдардың емес, жинаған азаматтардың қажеттілігіне жұмсалады», – деді министр.

Министрдің сөзінше, қазір Қаржы мониторинг агенттігі, Мәдениет министрлігімен бірге жаңа жобаны жасап бастаған. Министр алдымен ақша жинайтын адамдарды тіркеуден өткізу керек екенін айтты.

«Қазір осыған байланыс механизмді дайындап жатырмыз. Есебін кейінірек береміз. Қазір біз тыйым сала алмаймыз. Бірақ бұл ақшаны жинайтын адамдарды тіркеудің қандай да бір түрі болуы керек», – деді Такиев.

Осыған дейін 660 мыңнан астам қазақстандық жалған көмек сұраушы краудфандингке 6 млрд теңге көлемінде көмек жолдағанын жазған едік.

Қаржы мониторинг агенттігінің хабарлауынша, күмәнді мақсаттарға ақша жинауға 138 банктік карта тартылған. Жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық өз ақшаларын жолдаған. Жалпы жиналған қаржы сомасы 6 млрд теңгені құрады, оның 33% (2 млрд теңге) алаяқтық белгілері бар.

Зиянкестер ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсаған.

Агенттік әлеуметтік желілерде ұжымдық қаражат жинаудың қауіптері және оларды одан әрі мақсатсыз пайдалануды анықтаған.

Жосықсыз азаматтар «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» үшін қайырымдылық қызметі мен көмек көрсету түріндегі қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асырады», – деді ҚМА басшысы Дмитрий Малахов.

Алаяқтықтың жаңа түрі

Еске салайық, алаяқтар өзін сот орындаушылары ретінде таныстырып, халықты алдауға көшкен

Алаяқтар Әділет министрлігінің атын жамылып, халықты алдай бастаған. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

«ҚР Әділет министрлігі алаяқтар өздерін әділет органдарының қызметкерлері немесе сот орындаушылары ретінде таныстырып жүргенін ескертеді. Олар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттап, жүргізуші куәлігін тоқтата тұрумен және т. б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешекті өтеуді талап етеді», – дейді Талғат Уәли.

Жалпы 2023 жылы алаяқтар 97 миллиард теңгеге жуық қаржыны қолды қылған. Мұндай құқық бұзушылықтардың жартысына жуығы интернет-алаяқтыққа қатысты: 19,9 мың жағдай, жылдық өсім — 5,8%. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде төлем карталарын пайдалана отырып (267 жағдай), кредит беру саласында (53 жағдай), ақшалай қаражатты қарызға алу жолымен (41 жағдай) және т.б. алаяқтық әрекеттер тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыз