«Өліміме Смайлов кінәлі болады» – қамаудағы алматылық экс-судья Тоқаевқа үндеу жасады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Экс-судья Светлана Жолманова Тоқаевқа үндеу жасады
Экс-судья Светлана Жолманова Тоқаевқа үндеу жасады / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қамауда отырған алматылық экс-судья Светлана Жолманова өз жағдайы туралы айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Жария болған видео үндеуде Жолманова Алматы сотының төрағасы Асқар Смайловтың істеріне де назар аударуды сұраған.

«Менің қамауда отырғаныма 2 ай болды. Ешкім менің хаттарыма назар аудармайды. Қаншама хат жаздым. Ерекше бақылауда отырмын. Хабарласуға мүмкіндік бермейді. Балаларыммен көрісе де алмаймын. Дүние-мүлкімді тартып алып жатыр», – дейді ол

Экс-судья өзіне қол жұмсауға да дайын екенін айтып, өз өліміне Алматы қалалық сотының төрағасы Асқар Смайловты кінәлайтынын айтқан.

«Қазір бәріне дайынмын. Өліп кетуге де дайынмын. Өлтіруге де дайынмын… Бәлкім Смайловты өлім тоқтататын шығар. Мен өлімге дайынмын. Өз-өзіме қол жұмсауға дайынмын. Менің өліміме Смайлов кінәлі болады. Мен төзе алмаймын, көмектесіңіз», – деді экс-судья.

Ол өзі қамауда отырған кезде балалары мен анасының қиналып жатқанын, қарыздарын төлеу үшін жұмыс істеуі керек екенін, алайда қамауда отырғандықтан, жұмысқа шыға алмайтынын да айтқан.

«Бұл бассыздыққа, менің қайғыма, Смайыловтың маған істеген ісіне назар аударсаңыз. Мен сізден жалынып сұраймын, Қасым-Жомарт Кемелұлы, осы видеоға назар аударсаңыз», – дейді ол.

@azamat_tv_official

К нам, Правовому Телеканалу, обратились с просьбой опубликовать это обращение бывшего судьи Светланы Жолмановой к Презиленту РК К.Токаеву.#правосудие #azamattv @Aqorda 🇰🇿 @верховный суд рк @ТРК ПРЕЗИДЕНТА

♬ оригинальный звук – Azamat TV

Светлана Жолманова алаяқтық фактісі бойынша 9 қазан күні қамауға алынған. Ол бұған дейін екі рет күдікке ілініп, Бас прокуратура қылмысына нақты айғақ таппағаннан кейін істі тоқтатқан. 2021 жылы ҰҚК судьяның кабинетінен 10 мың доллар ақша тапқан. Ол кезде де Жолманова өзіне қозғалған іске Алматы қалалық сотының төрағасы Асқар Смайылов пен Медеу аудандық сотының төрағасы Әсет Боранбаевтың қатысы барын айтқан

Сондай-ақ оқыңыз