Бишімбаев ісі негізінде түсірілген «Жауап бер» фильмі жарық көрді

Жарияланды 19 Желтоқсан 2024 16:54

(жаңартылды 19 Желтоқсан 2024 16:54)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Бишімбаев ісі негізінде түсірілген «Жауап бер» фильмі жарық көрді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Бүгін еліміздің кинотеатрларында продюссер Баян Алагөзованың «Жауап бер» фильмі прокатқа шықты. Kursiv LifeStyle жабық көрсетілімге қатысып, картина авторлары және актерлерімен сұхбаттасты.

Фильмде белгілі кәсіпкермен қарым-қатынаста болған жас әйелдің соты баяндалады. Кейіпкер тұрмыстық жанжал кезінде ер адамның өліміне себепші болады. Фильмнің оқиғасы Қуандық Бишімбаев ісінің негізінде түсірілген. Алайда «Жaуап бер» картинасында айыпталушы орнында зорлықшы емес, керісінше оның құрбаны отыр.

Фильмде бірнеше басты кейіпкер бар, олардың барлығы – әйелдер: сот, адвокат және прокурор. Сюжет желісі тек тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін ғана емес, сонымен қатар қоғамда кең таралған өзекті проблемаларды көтереді.

Басты рөлді сомдаған актер Бейбіт Құсаинов кейіпкерінің образына дайындалудың қиын болғанын айтты:

«Бұл рөлді сомдау өте ауыр болды. Өзіме қарап, жек көрініш сезіндім. Егер маған осылай болса, көрермендерге қалай болатынын елестете алмаймын», – деді актер.

Сонымен қатар, бүгін 19 желтоқсан күні Нұрлан Қоянбаевтың «Қазақ әлемі» фильмі мен қазақ тіліне дубляждалған «Муфаса: Арыстан патша» жарық көрді.

Сондай-ақ оқыңыз