Freedom Holding Corp. Түркияда брокерлік компания ашуға рұқсат алды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Freedom Holding Corp. Түркияда брокерлік компания ашуға рұқсат алды
Freedom Holding Corp. Түркияда брокерлік компания ашуға рұқсат алды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Freedom Holding Corp. құрамына кіретін Freedom Broker компаниясы Түркияда брокерлік қызметпен айналысуға рұқсат алды. Бұл туралы елдің Нарық капиталы кеңесінің баяндамасында жазылған.

«Freedom Financial Services AŞ компаниясының «Freedom Investment Securities AŞ» деп аталатын жаңа брокерлік фирманы құру туралы өтініші қанағаттандырылатын болды», – делінген баяндамада.

Айта кетейік, компания 2023 жылы Түркияда еншілес ұйым құрып, Freedom Finance Turkey деп атаған. Сол кезден бастап компания Түркияда брокерлік қызметпен айналысу үшін лицензия алуға өтініш білдірген.

Жалпы қазақстандық компанияның бірнеше елде еншілес қаржы ұйымдары бар. Соңғы рет 2022 жылы БАӘ нарығына шыға бастаған. Қазір Freedom Holding құрылымдары Еуропалық Одақ елдерінде (Freedom Finance Europe компаниясының Кипр лицензиясымен), Ұлыбританияда, АҚШ-та, Қырғызстан, Өзбекстан, БАӘ мен Арменияда жұмыс істейді.

2023 жылдың басында компания өзінің Ресейдегі барлық құрылымын сатып, ресейлік нарықтан шыққанын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз