Миллиардер Қайрат Итемгеновке тиесілі компания «Marwin-Меломан» дүкендер желісін сатып алды
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/meloman-marvin-1024x576.png)
Миллионер Қайрат Итемгеновке тиесілі AQNIET Group «Marwin-Меломан» дүкендер желісін сатып алды. Бұл туралы forbes.kz басылымы жазады.
«Меломан-Marwin» дүкендер желісі 2024 жылдың соңында сатылған. «Меломан» холдингінің негізін қалаған Александр Дериглазов пен оның бауыры Игорь Дериглазов өз активтерінің шамамен 50%-ын Aqniet Group компаниясына сатты. Aqniet Group-тың мажоритарлық акционері – Қайрат Итемгенов.
«Меломан» – Қазақстандағы әлемдік брендтердің ірі дистрибьюторы. Компания Sony Pictures, Sony PlayStation, Disney, LEGO және басқа да танымал маркалардың ресми өкілі. «Меломан-Marwin» дүкендер желісі елдегі ірі қалаларда және Ресейде жұмыс істейді. Сонымен қатар онлайн-сауда платформалары да бар.
Александр Дериглазовтың айтуынша, сатып алушымен алғашқы келіссөздер бір жыл бұрын басталғанымен, нақты мәміле шарттары 2024 жылдың мамыр-маусым айларында талқылана бастаған. Келісімнің негізгі құрылымы тек 2024 жылдың күзіне қарай толық қалыптасты.
Мәміле құрылымы
Келісім аясында сатылған активтерге мыналар кіреді:
- Қазақстан мен Ресейдегі «Меломан» және Marwin брендтері;
- LEGO, Sony Pictures, Sony PlayStation сияқты компаниялармен жасалған келісімдер;
- Сауда орталықтарымен (ТРЦ) жасалған шарттар;
- Дүкендердегі және қоймалардағы тауар қоры;
- Компанияның технологиялары.
Сату себебі
Александр Дериглазовтың айтуынша, негізгі себеп – банк қарыздарын өтеуге кететін шығындардың жоғары болуы. Компания ұзақ жылдар бойы дамуға банк несиесін пайдаланып келген. Алайда соңғы уақытта несие төлемдері мен операциялық шығындар таза табыстың өсуіне кедергі келтірген. Сондықтан бизнесмендер Halyk Bank алдындағы қарыздарын толығымен өтеп, қалған жобаларын дамытуға ниетті.
Aqniet Group мәмілені растады және сатып алуды «жеке инвесторлардың қаражаттарын тарту арқылы» жүзеге асырғанын мәлімдеді.
Александр Дериглазов – Қазақстандаы ең ықпалды 75 бизнесменнің қатарына кіреді.