Көктемде 1,3 миллион адам суда қалуы мүмкін

Көктемде 1,3 миллион адам суда қалуы мүмкін. Еліміздегі 400-ге жуық гидроқұрылыс осыншама адамға қауіп төндіруі ықтимал.
Бұл туралы «Amanat» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев мәлімдеді. Sputnik ақпаратына қарағанда, бұл бөгеттер бұзылса, су тасқыны 530 елдімекенді басуы мүмкін.
Өзен түбі тереңдетілмеген
Астанадағы қорғаныс бөгетін қайта құру жұмыстары бес жылдан бері жүргізіліп келеді. Бірақ әлі аяқталмаған. Сондықтан көктемде 1,3 млн адамға қауіп бар.
«Атбасарда былтыр жарамсыз болып қалған су өткізу құрылғыларының жөндеу жұмыстары әлі аяқталмады. Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше жылдан бері өзен түбін тереңдету жұмыстары жүргізілмеген. Елімізде мұндай ондаған мысал келтіруге болады» – деп мәлімдеді Ержан Жылқыбаев.
Гидроқұрылыстардың хәлі мүшкіл
Еліміздегі гидротехникалық құрылыстардың ұзын-саны – 1395. Олардың 564-і жөндеуді қажет етіп тұр. Ал 20-сы апаттық жағдайда. «Көктемде 1,3 миллион адамға қауіп бар» деп дабыл қағылуы бекер емес.
Айта кететін жайт, 1223 елдімекен су тасқыны қаупі жоғары аймақта орналасқан.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыз Әрінов 223 елдімекенді су басу қаупі бар екенін атап өткен-ді. Оның сөзіне қарағанда, ведомство 2025 жылғы су тасқыны маусымына белсенді дайындық жүргізген.
ТМЖ не дейді?
Министрдің мәліметінше, 576 шақырым қорғаныс бөгеті мен үйінді салынып, нығайтылған. 164 шақырым дренаж жүйесі жөнделген. Арасында қайта салынғандары да бар. Сонымен қатар, 960 су өткізу құрылғысы орнатылған. Кейбірі мүлде ауыстырылған.
Министрдің айтуынша, 658 шақырым каналдар мен арықтар салынса, 74 өзеннің 300 шақырым арнасы тереңдетіліп, жағалаулары бекітілген. Көктемде 1,3 миллион адамға төнген қауіптің алдын алуға болады деп есептейді.
Қанша техника дайын?
Су тасқынына қарсы арнайы жасақтар құрылып отыр. Олардың жалпы саны 37 мың адам және 13 мың бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
2025 жылы 27 ақпанда прокурарлар көктемдегі дайындық жұмыстарынан олқылықтар тапқан. Бұдан жауапты органдарды былтырғы оқиғадан сабақ алмағаны байқалады. Демек, көктемде 1,3 миллион адам төнген қатер сейілмей тұр.