Әлемде мұнай бағасы тағы төмендеді

7 сәуір, дүйсенбі күні мұнай бағасы тағы 3%-ға арзандады. Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 2,1 долларға төмендеп, бір баррелі 63,48 доллар болды.
West Texas Intermediate маркалы америкалық мұнай да 2,14 долларға арзандап, 59,85 доллар болды.
Бұған ғаламдық сауда соғысы әлем экономикасын тежеп, мұнайға сұраныс азая ма деген үрей себеп болды деп жазды Reuters.
Екі индекс те жұма, 4 сәуірде бірден 7%-ға құлап, кейінгі үш жылдағы ең төмен межеге жеткен. Себебі Қытай америкалық тауарларға баж салығын енгізіп, сауда соғысын одан сайын шиеленістіріп жіберген.
Енді JPMorgan инвестициялық банкі ғаламдық рецессия жыл аяғында 60% болады деп болжап отыр. Бұған дейін ол мұндай теріс көрсеткішті 40% деп болжаған еді.
Естеріңізге салайық, 4 сәуірде Brent бірден 5 долларға арзандап, 65 доллардан төмен түсіп кеткен.