Кәлетаев кетіп, Барлыбаев барды: Тоқаев Украинадағы елшіні алмастырды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Кәлетаев кетіп, Барлыбаев барды: Тоқаев Украинадағы елшіні алмастырды
Кәлетаев кетіп, Барлыбаев барды: Тоқаев Украинадағы елшіні алмастырды/Коллаж: KursivMedia

Президент Қ.Тоқаев Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісін ауыстырды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды» делінген Ақорда хабарламасында.

Бұл қызметті 5 жыл атқарған Кәлетаевты бұған дейін Словакияда елшілік қызмет атқарып келген Төлежан Барлыбаев алмастырды.

Төлежан Барлыбаев кім

Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев 1970 жылғы 26 қарашада Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін бітірген.

Еңбек жолы

1992—1993 жж. — «Қазақстан» телерадиокорпорациясының жаңалықтар бөлімінің редакторы;
1993—1994 жж. — ҚР Сыртқы істер министрлігінің Америка елдері басқармасының баспасөз бөлімінде референт, атташе;
1994—1997 жж. — Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінде үшінші, кейін екінші хатшы;
1997—1998 жж. — ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпарат және жоспарлау басқармасының бірінші хатшысы;
1998—2002 жж. — Қазақстанның Украинадағы Елшілігінде бірінші хатшы, кейін кеңесші;
2002—2003 жж. — ҚР СІМ Еуропа және Америка департаментінің бөлім бастығы;
2003 ж. — ҚР СІМ-нің МПД басқармасының бастығы, министр көмекшісі;
2003—2007 жж. — Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігінде кеңесші;
2007—2008 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы;
2008—2009 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі;
2009—2011 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы басшысының орынбасары;
2012 ж. — ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі;
2013—2014 жж. — Қазақстан Республикасының Хорватиядағы істер уақытша сенім білдірілген өкілі, кеңесші-елші;
2016—2017 жж. — Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесші-елшісі;
2017 жылғы мамыр — 2022 жылғы наурыз — Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2018 жылғы мамыр — 2022 жылғы наурыз — қоса атқарушы ретінде Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговина, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2022 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған.

Сондай-ақ оқыңыз