Моноқалаларды дамытуға кейінгі 4 жылда 500 млрд теңге инвестиция салынды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Моноқалаларды дамытуға қанша қаржы салынды / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Моноқалаларды дамытуға кейінгі төрт жылда 500 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте хабарлады.

Оның айтуынша, моноқалалардағы инфрақұрылымды жақсарту мақсатында орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері жыл сайын қаржы бөледі.

2020 жылдан 2024 жылға дейін бұл мақсатқа жалпы сомасы 512,4 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде 241,6 млрд теңге республикалық бюджет есебінен бағытталған.

2025 жылға арналған жоспар бойынша 106,6 млрд теңге, оның ішінде 28,7 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінуі көзделіп отыр.

Сонымен қатар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025–2028 жылдар аралығында моноқалаларда жалпы құны 82,4 млрд теңгені құрайтын 41 жобаны іске асыру жоспарланған.

Бұл жобалар энергетика, жылу, су және электрмен жабдықтау жүйелерін жаңартуға бағытталмақ.

Экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, Қазақстанда моноқалалардың қатары азайған.

Сондай-ақ оқыңыз