Бублик әлемнің ең мықты теннисшісі Синнерді жеңді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Александр Бублик әлемнің ең мықты теннисшісі Янник Синнерді жеңді / фото: REUTERS/Denis Balibouse
Александр Бублик әлемнің ең мықты теннисшісі Янник Синнерді жеңді / фото: REUTERS/Denis Balibouse

Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ірі турнирде әлемнің бірінші теннисшісі Янник Синнерді жеңді.

Үш сетке созылған матч  3:6, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Осылайша, Қазақстанның ең мықты теннисшісі Александр Бублик екі апта бұрын Парижде кеткен есесін қайтарды. Франция ашық біріншілігінде Синнер басым түскен.

Енді отандасымыз АТР-500 турнирінің ширек финалында чех теннисшісі Томаш Махачпен кездеседі. Ойын бүгін, 20 маусымда Астана уақытымен сағат 18.00-ден кейін басталады.

Бублик пен Махач бұған дейін бір мәрте ғана кездескен. 2024 жылы Дубайда өткен турнирде қазақстандық теннисші оны 2:6, 6:3, 7:6 есебімен үш сетте жеңген.

Сондай-ақ оқыңыз