Докторантураға құжат қабылдау басталды: жай-жапсары қандай

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Докторантураға құжат қабылдау басталды: жай-жапсары қандай/Фото: shutterstock

Бүгіннен бастап бір ай бойы докторантураға құжат қабылдау жүргізіледі. Құжатты жоғары оқу орындарына тапсырып, ал түсу емтиханына өтінішті testcenter.kz сайты арқылы жолдау керек.

Өтініш беру кезінде абитурент тек тестілеу орнын, яғни қаланы таңдай алады.

Ал тест тапсыратын күн, оның уақыты және мекенжайы туралы ақпарат 9 тамызда жеке кабинеттегі «Менің іс-әрекетім» бөліміне жіберіледі.

Өтінішті қабылдау мерзімі аяқталатын 3 тамызға дейін білім беру бағдарламасының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

ДТЕ-ға (докторантураға түсу емтиханы) қатысу құны – 21 072 теңге.

Маңызды ақпарат

  • Тестілеу орталығы TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу тапсыратынын айтады. Қосымша тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат 5 тамызда түсушінің жеке кабинетіне жіберіледі. Қосымша тестілеуге қатысу құны 14 162 теңгені құрайды;
  • Түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек;
  • Докторантураға «магистр» дәрежесі мен кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентураны бітіргендер қабылданады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл – 75, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша шекті балл – 50 балл.

Бұған дейін, мектеп түліктері үшін гарентқа құжат қабылдау қашан басталатынын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз