
Volkswagen концерніне кіретін Қытайдың Jetta маркасы жаңа VS8 кроссоверін ұсынды. Бұл бренд тарихындағы ең ірі модель болмақ.
Volkswagen және FAW бірлескен кәсіпорны құрастыратын бұл жаңа модель Jetta маркасы үшін ең ірісі болып саналады. VS8 моделі өзге Jetta көліктерінен ерекше сыртқы дизайны және интерьер архитектурасымен ерекшеленеді, алайда бұрынғы қозғалтқышты сақтап қалады.

Кроссовердің сыртқы келбеті Jetta-ның дәстүрлі стилінде жасалған — жақтаусыз радиатор торы, Y-тәрізді жарық элементтерімен ерекшеленеді.
Жаңа модельдің габариттері:
- Ұзындығы – 4629 мм,
- Ені – 1851 мм,
- Биіктігі – 1624 мм,
- Дөңгелек базасы – 2731 мм.
Осы өлшемдер бойынша VS8 бұрынғы флагман VS7 моделінен сәл ғана ірі, дегенмен, ресми түрде брендтегі ең үлкен көлік болып саналады. Дөңгелек дискілері 18 дюймге дейін, ал шанақ төрт түсте ұсынылады: қара, ақ, сұр және таныстырылымға арналған жасыл.

Интерьер де жаңартылған:
- Алдыңғы панельі толықтай өзгерген
- Орталық тоннель — ықшам және дерлік физикалық батырмасыз,
- Мультимедиялық жүйе – басқа құрылымда.
Бұрынғы Jetta модельдерінде орталық сенсорлы экран панельге кіріктірілсе, VS8-де ол бөлек орналасқан, бұл экран өлшемін 14,6 дюймге дейін үлкейтуге мүмкіндік берді.
Құралдар панелі 10,25 дюймдік дисплеймен жабдықталған. Медиажүйе дауыс арқылы басқарылады. Салонда ұсақ-түйектерді сақтауға арналған 25 бөлек орын бар екені де белгілі болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалтқыш бөлігінде өзгерістер болмайды:
- Базалық нұсқада — 1.4 литрлік турбомотор,
- Қуаты — 150 ат күшіндей,
- Айналу моменті — 250 Нм,
- 6 сатылы механикалық қораппен жабдықталады.
Қымбатырақ нұсқаларына 6 диапазонды автомат ұсынылады. Алайда, бұл кроссоверде толық жетекті жүйе болмайды деген болжам бар.