Қазақстан елшісі НАТО Бас хатшысына сенім грамоталарын тапсырды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан елшісі НАТО-мен ынтымақтастықтың мақсатын айтты / фото: СІМ
Қазақстан елшісі НАТО-мен ынтымақтастықтың мақсатын айтты / фото: СІМ

Қазақстандық елші Роман Василенко Брюссельде НАТО Бас хатшысы Марк Рюттеге сенім грамоталарын тапсырды. Тараптар ынтымақтастықты талқылады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына қарағанда, Брюссельде – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі, Еуропалық Одақтағы және Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымындағы (НАТО) Елшісі Роман Василенко НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездескен.

Салтанатты рәсімнен кейін өткен кездесуде тараптар Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Роман Василенко Қазақстан үшін НАТО-мен әріптестіктің басты мақсаты – БҰҰ қамқорлығымен өтетін бітімгершілік миссияларына қатысу үшін Қарулы Күштердің бітімгершілік бөлімшелерін даярлау екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетін нығайту саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға уағдалақан.

Мұның алдында НАТО елдері қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің 5 пайызына дейін көбейтуге келіскен еді.

Сондай-ақ оқыңыз