Соңғы төрт жылда Каспий теңізінің деңгейі 24 см-ге төмендеген

Соңғы төрт жылда Каспий теңізінің деңгейі 24 сантиметрге төмендеді. Климат өзгерісі теңіз маңындағы экологиялық түйткілдерді күшейтпек.
Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Әзербайжан мамандары мәлімдеді. Айталық, Су ресурстарын пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау қызметінің кадастрлық есеп және тізілім бөлімінің меңгерушісі Рафик Вердиев Baku Water Week аясындағы панельдік пікірталаста осындай дерек келтірді.
Оның сөзінше, теңіз деңгейінің төмендеуіне негізгі себеп — жауын-шашынның азаюы мен ауаның жылынуы.
Ғалымдардың болжамынша, алдағы климаттық өзгерістер Каспий теңізі жағалауындағы экологиялық мәселелерді күшейтеді. Соның ішінде экономикалық салдарға да әкелуі мүмкін.
Мұның алдында Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Каспий теңізінің тартылып бара жатқаны алаңдаушылық білдірген еді.