Шерзат Полат ісі: екі әйел жауапқа тартылды ма

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
SMM бөлімінің редакторы
Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбекова әрекетіне баға берілді/коллаж Kursiv.media

Шерзат Полат ісіне куә ретінде қатысқан Дана Жақсыгелді мен Эльмира Нұрбекованың әрекетінде қылмыс белгілері жоқ деген баға берілген. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты.

Министр сот қаулысынан кейін, төрт куәге қатысты қосымша тексеріс жүргізілгенін айтты. Нәтижесінде олардың әрекетінде қылмыс белгілері жоқ деген шешім шығарған.

Айта кетейік, Шерзат Полаттың қазасынан кейін қозғалған қылмыстық іс бойынша 9 адам сотталды. Оқиға орнында болған екі әйел сотқа куә ретінде қатысты. Үкім шығарған судья Ержан Жанұзақов Жақсыгелді мен Нұрбековаға қатысты жекеше қаулы шығарып, ол туралы шешім қабылдауды прокуратураға жүктеді.

«Рузбакиев, Қазекенов, Нұрбекова, Жақсыгелдіге қатысты тексеру жүргізу қажеттілігі туралы Алматы облысы прокурорының назары аударылсын. Жекеше қаулыны қарау, қолданылған шаралардың нәтижесі туралы Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 1 айдан кешіктірмей хабарлансын», – делінген судья Жанұзақов шығарған қаулыда.

Сондай-ақ оқыңыз