Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасына қатысты болжамын жақсартты

Халықаралық валюта қоры (ХФҚ) Қазақстан экономикасының 2025 жылғы өсіміне қатысты болжамын 5,9%-ға дейін көтерді. Бұл көрсеткіш қордың жыл сайынғы World Economic Outlook есебінде жарияланды.
Шілде айында ХФҚ Қазақстанның ЖІӨ өсімін 5% деңгейінде болжаған болатын. Ал жаңа есепте бұл көрсеткіш 0,9 пайыздық тармаққа жоғарылады. 2026 жылға арналған болжам да қайта қаралып, 4,3%-дан 4,8%-ға дейін өсті.
Қордың бағалауы бойынша, Қазақстан экономикасының серпінді өсуі ішкі тұтыну мен инвестициялық белсенділіктің артуымен байланысты.
Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында елдің экономикасы 6,3%-ға өсті. 2024 жылдың қорытындысында өсім 4,8% болған.
Бұған дейін бірқатар халықаралық институттар да Қазақстан бойынша өз болжамдарын қайта қараған.
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) 2025 жылға арналған өсім болжамын 5,7%-ға дейін арттырса, Азия даму банкі (АБР) өз бағалауын 4,9%-дан 5,1%-ға дейін жақсартқан.