Атырау мен Алматы бағыты бойынша енді пойыз күн сайын қатынайды
Жарияланды

Атырау – Алматы бағыты бойынша енді пойыз күн сайын қатынайтын болды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап №41/42 «Атырау – Алматы» жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі күнделікті режимге ауыстырылады. Бұл шешім батыс және оңтүстік өңірлер арасындағы көлік қатынасын күшейтуге, сондай-ақ, қысқы маусымда жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған», – делінген хабарламада.
Пойыз құрамы жаңартылған купе және плацкарттан тұрады. 700 жолаушы тасымалданады.
Мұның алдында қазақстандықтар пойыз билеттерін 40%-ға дейін жеңілдікпен сатып ала алатыны белгілі болды.