«Қарыздан бас көтере алмай жатырмыз»: Базарбек Үкімет жұмысын нашар деп бағалады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Депутат Бақытжан Базарбек ел үкіметінің жұмысына жақсы баға бере алмайтынын айтады. Өйткені мәжілісмен Қазақстан қарыздан бас көтере алмай жатыр деп тұжырымдайды. Үкімет қарызды қарызбен жабуға мәжбүр.

4,7 трлн теңге бюджетте үлкен «тесік» болған. Қазір де 27 трлн теңге көлемінде үлкен қарызымыз бар. Ол берешекті дереу жабуымыз керек. Әйтпесе ертең бәріміздің бала-шағамыз төлейді ол қарызды. Сол кезде ұрпағымыз «сонау 2025 жылы парламентте отырған кезде неге қарызды жаппадыңыздар, неге қарыз ала бердіңіздер» деп сұрақ қояды», – дейді депутат.

Базарбектің айтуынша, Үкіметтің сыртқы қарызының 80%-ы – 2005-2017 жылдары алынған борыш.

«Басқаша айтқанда той тойлап, сайран салып жүрген қазақ енді ғана сол қарызды қайтару керегін түсінді. Әр қарыздың артында «қашан қайтарасың» деген сұрақ тұрады. Түрлі форум ұйымдастырып, ірі қонақ шақырып, сансыз конференция ұйымдастырдық. Енді соның есебін сұрап отыр», – дейді ол.

Ұлттық банктің дерегінше, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елдің жиынтық сыртқы қарызы 172,8 млрд АҚШ долларын құрады. Жыл басындағы көрсеткішпен (170,5 млрд доллар) салыстырғанда шамамен 2,3 млрд долларға өскен.

Қарыздың шамамен үштен екісі жеке және квазимемлекеттік сектордың үлесіне тиесілі. Бұл – банктер, ұлттық компаниялар мен ірі өндірістік холдингтердің шетелдік несиелері мен облигациялық міндеттемелері. Мемлекеттік сыртқы қарыздың үлесі салыстырмалы түрде төмен, жалпы қарыз көлемінің 8–10%-ын құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз