«Қазақмыс» жұмысшының саусақтарынан айырылғанына кінәлі деп танылды

Кассациялық сот «Қазақмыста» оң қолының саусақтарынан айырылған ер адамға қатысты шешім шығарды.
Оқиғаның мән-жайы
2023 жылдың 22 сәуірінде «Корпорация Казахмыс» ЖШС нысанында ер адам оң қолының саусақтарынан айырылып, III топтағы мүгедектік алған. Сондай-ақ 35 пайыз кәсіби еңбекке қабілетін жоғалтқан.
Арнайы тергеп-тексеру комиссиясы кінәнің бір бөлігін жәбірленушінің өзіне жүктеген. Бірінші сатыда сот пен апелляциялық сот та бұл шешімге келісіп, қызметкерді кінәлі деп тапқан.
Кассациялық сот бұл соттардағы шешімге келіспеді.
Жаңа шешім
Ер адам 1951 жылы шығарылған, нормативтік пайдалану мерзімі өтіп кеткен әрі міндетті сараптамадан өткізілмеген станокта жұмыс істеген. Ол адам жарақат алуы мүмкін құрылғы саналады.
Жұмысты өзіне тапсырылған жұмысты орындаған, жұмыс орнында балама қауіпсіз тәсіл болмаған. Осылайша қауіпті құрылғыны пайдалануға мәжбүр болған.
Сол арқылы «Қазақмыс» жұмыс беруші ретінде еңбек ететін орынды дұрыс ұйымдастырмаған.
Кассациялық сот төменгі екі сатыдағы сот актілерінің күшін жойды. Азаматтың үшінші топтағы мүгедектік алуына әкелген жағдайға «Қазақмыс» 100% кінәлі деп танылды.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясы Qazaq Stroy компаниясының құрамына өтті.