Ақпан айында доллар тағы арзандай ма

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Ақпан айына қатысты болжам қандай / Фото: shutterstock

Ақпанның алғашқы аптасында доллар орташа есеппен 503,05 теңге деңгейінде саудаланды. Өткен тәулікте ұлттық валюта 2,12 теңгеге нығайып, сауда көлемі 231,66 млн долларды құрады. Жалпы 648 мәміле жасалып, доллар бағасы 501,15 теңгеден бастап 505,00 теңге дейін өсіп, ал соңғы мәміле бағасы 501,30 теңгені құраған.

Ақпанның ортасында доллар 490 теңгеге дейін арзандауы мүмкін

Freedom Broker сарапшылары доллардың бұлай арзандауына салық кезеңінің басталуы әсер еткенін жазады.

«USD/KZT бағамы бастапқыда 502 теңгеден жоғары деңгейде жақсы ұсталды, алайда белгілі бір сәтте АҚШ доллары бағамына қысым күшейіп, курс сәл төмендеді. Бұған дейін осы сценарийді салық кезеңінің әсерінен күтетінімізді хабарлаған едік. 10 ақпанған қарайдоллар бойынша 490–500 теңге диапазонында саудаланатын болады. Ал жылдың екінші жартысында теңге қайта әлсіреуі мүмкін», – деп жазады Freedom Broker.

Валюта нарығындағы жағдай тұрақты

Ал экономист Сұлтан Елемесовтің айтуынша, ақпанда валюталық жағдай қаңтар айындағы сценарийге ұқсас болады. Бұл айда Ұлттық банк пен квазимемлекеттік компаниялар шамамен 1 млрд долларды нарыққа шығарады. Ал базалық мөлшерлеме 18% деңгейінде тұрақты болады. Сонымен қатар БЖЗҚ доллар сатып алмайды, ал шетелдік валюталық ағын азаяды.

Дегенмен оны салық кезеңі өтімділікпен толтырады, сондықтан теңге ай бойы салыстырмалы түрде тұрақты болады. Сарапшының болжамы бойынша, кішігірім ауытқулар 1–2% шегінде болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз