Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін жаңа мессенджер пайда болады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: shutterstock

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер арасындағы байланысты жақсарту мақсатында жаңа цифрлық сервис әзірленуде. Бұл туралы Премьер‑министр Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.

Осыған дейін Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева азаматтарды заңды платформалар мен мессенджерлерді пайдалануға ынталандыратын бағдарламалар қажеттігін айтқан болатын.

Ал үкімет басшысы отандық Aitu мессенджері ұлттық деңгейге сай екенін атап өтті. Цифрлық штаб оны мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы ресми байланыс үшін ұсынған.

«Сонымен қатар мемлекеттік органдардың қорғалған цифрлық жұмыс ортасын қалыптастыру мақсатында Alem GovWorkspace атты отандық кешенді технологиялық шешім әзірленуде. Ол мемлекеттік қызметшілерге арналған қорғалған қашықтан жұмыс орындарын ұйымдастыруға, топтық чаттар арқылы жедел хабар алмасуға, аудио және видео қоңыраулар жасауға мүмкіндік береді», – делінген ресми жауапта.

Айта кетейік, Қазақстанның 40 мыңға жуық мемлекеттік қызметшісі қызметтік хат алмасу үшін отандық Aitu мессенджерін пайдаланады.

Сондай-ақ оқыңыз