Қазақстанға ең көп қаражат жіберетін – АҚШ пен Ресей

Жарияланды 3 Наурыз 2026 16:10

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
фото: shutterstock

Қазақстанға түскен барлық қаражаттың 40%-ы АҚШ пен Ресейден келген. Бұл туралы Ұлттық банктен хабарлайды.

ҰБ ұсынған мәліметке сүйенсек, 2026 жылдың қаңтарында халықаралық ақша аударымдары жүйелері (ХААЖ) арқылы 39,0 млрд теңге сомасына 114,2 мың транзакция жасалды.

2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда аударымдар саны 30,5%-ға, ал олардың жалпы көлемі 36,6%-ға азайған.

Шетелге жіберілген ақша жалпы соманың 97,2%-ын (37,9 млрд теңге) құрады. Қазақстаннан ең көп қаражат жіберілген негізгі елдер: Ресей (16,7 млрд теңге), Түркия (5,9 млрд теңге) және Өзбекстан (5,5 млрд теңге). Аударым жүйелерінің ішінде «Золотая Корона» көш бастап тұр, ол арқылы елден жіберілген барлық ақшаның 80,1%-ы өткен.

Ал шетелден алынған қаражат көлемі 15,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен айдың көрсеткішінен 25%-ға аз. Қазақстанға ең көп ақша жіберген елдердің қатарында Ресей (3,2 млрд теңге), АҚШ (2,6 млрд теңге) және Түркия (1,9 млрд теңге) бар

Сондай-ақ оқыңыз