Алмат Сақатов: Өтірікші адам шындық жайында әңгіме айтады (видео)

Жарияланды 1 Сәуір 2026 11:13

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Оның пікірінше, кейбір адамдар бойында жоқ қасиетті жұртқа көрсетуге ұмтылады / фото: Instagram
Оның пікірінше, кейбір адамдар бойында жоқ қасиетті жұртқа көрсетуге ұмтылады / фото: Instagram

Актер Алмат Сақатов өмірден түйгенін айтып берді. Оны адамдардың болмысы қатты таңғалдырған.

Айтуына қарағанда, адамдар бойында жоқ қасиетті жұртқа көрсетуге ұмтылады. Бірақ тектілік қана жасандылыққа көнбейді.

«Қайырымсыз адамдар болады. Бірақ өтірік қайырымдылық көрсетіп жүреді. Сараң адамдар өздерін жомарт етіп көрсетуге тырысады. Өтірікші адам болғанымен, шындық жайында әңгіме айтады. Тек бір ғана нәрсені жасай алмайсың. Тектілікті жасай алмайды екенсің. Тексіз болсаң, бетіңе шығып тұрады», – дейді актер.

Алмат Сақатов достар арасындағы сатқындық туралы да пікір бөлісті. Сатқын достар неге ат-құйрығын кесуге әзір болатынын атады.

«Сатып кеткен дос сенімен кездескісі келмейді. Сенен қашады. Неге екенін білесің бе? Өйткені ол сенің көзіңнен өзінің әлсіз екенін көріп тұрады. Сатпайтын достарың аман болсын», – деді Алмат Сақатов.  

Актер мұның алдында өміріндегі ауыр кезеңдердің бірі туралы ашық айтып, артық дүниеге қызығудың салдары қандай болатынын жеткізген еді.

Сондай-ақ оқыңыз