Алматыда 700-ден аса мас жүргізуші ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Алматыда 700-ден аса мас жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов мәлімдеді.

Ол қала тұрғындарымен есептік кездесу барысында Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс күшейтілгенін ескертті.

Оның айтуынша, мегаполистегі көлік ағыны жоғары. Осыған байланысты жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің негізгі факторларының бірі болып қала береді.

«Жолдағы әрбір құқық бұзушылық – адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген әлеуетті қауіп. Біздің міндет – мұндай фактілерді анықтау ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың барлығында жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру», – деп атап өтті Айдын Кабдулдинов.

Жыл басынан бері қалада жол қозғалысы ережелерін бұзудың шамамен 850 мың дерегі анықталып, жолы кесілді. Оның ішінде 700-ден аса адам көлік құралын мас күйде басқарса, 724 адам жүргізу құқығынсыз көлік айдаған. Сондай-ақ бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 960 адам рөлге отырғаны анықталды.

Айта кететін жайт, мұның алдында ішімдік ішіп рөлге отырғаны үшін Алматыда үш күнде 43 жүргізуші куәлігінен айырылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз