Қазақстанда 1,5 млн жалақы алу үшін қандай қызметке бару керек

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
5000 теңге
фото: shutterstock

Елде жұмыс берушіге қарағанда, жұмыс іздеушілер әлі де көп. 2026 жылдың наурызында Enbek.kz платформасында 102,6 мың бос жұмыс орны жарияланған, бірақ 107,1 мың адам түйіндеме қалдырған. Жыл басынан бері жалпы 304,3 мың вакансия мен 394,4 мың түйіндеме тіркелген деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметттік қорғау министрлігі.

Қай салада жұмыс көп, кімдер көбірек іздейді?

Жұмыс берушілер ең көп адам іздейтін салалар:

  • білім беру – 22,6 мың вакансия
  • қызмет көрсету – 21,2 мың
  • денсаулық сақтау – 8,7 мың
  • ауыл шаруашылығы – 7,9 мың

Өңірлер бойынша көшбасшылар: Түркістан, Қарағанды облыстары, Астана, Павлодар және Атырау.

Диплом сұрамайды

Еңбек министрлігінің зерттеуіне сенсек, елде жоғары оқу орнын бітірген мамандарға қарағанда арнайы кәсіптік білімі немесе тәжірибесі бар мамандарды көп іздейді. Қазіргі таңда жұмыс берушілерге ең керегі де осылар. Жұмыс берушілерге керек қызметкерлердің:

  • 40% – орта білікті мамандар
  • 31% – біліктілігі төмен
  • 29% – жоғары білікті

Ал жұмыс іздеушілердің ішінде көпшілігі жастар, нақты айтқанда 42%-ы 35 жасқа дейінгі жастар. Оның ішінде 54%-ы әйелдер, 46%-ы ерлер.

Жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары жалақы

Жалақыға келгенде жұмыс беруші ұсынған жалақы мен жұмыс іздеуші сұрайтын жалақы арасында елеулі айырмашылық бар. Мәселен, кейбір жұмыс берушілер төмендегідей жалақы ұсынып отыр:

  • заң бөлім басшысының орынбасарына – 1,4 млн тг
  • IT архитекторға – 1,38 млн тг
  • өндіріс басшысына – 1,14 млн тг

Бірақ үміткерлердің күткені одан да жоғары, кейбірі үш есе жоғары ақы сұрайды:

  • HR бизнес-серіктесі – 4,2 млн тг
  • каротажшы (ұңғымаларды (мұнай, газ, су) зерттейтін маман) – 3 млн тг
  • зертхана басшысы – 2,5 млн тг

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елдегі орташа айлық жалақы – 473 мың теңге. Бірақ инфляцияны есепке алғанда, нақты жалақы керісінше 3,2%-ға төмендеген.

Сондай-ақ оқыңыз