Жазбаға кэшбек береді: Freedom SuperApp қосымшасында Lenta сервисін іске қосты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Жазба жариялап кэшбэк алуға болады / Фото: gemini generated

Freedom SuperApp қосымшасында қазақстандық қолданушылар арасында танымал Threads желісіне ұқсайтын Freedom Lenta сервисі іске қосылды. Мұнда пайдаланушылар сатып алған тауарларымен бөлісіп, сурет жариялап, жазба қалдыра алады.

Бұл жай ғана әлеуметтік желі емес, адам мен компаниялардың өзара байланысы арқылы қосымша кэшбэк алуға мүмкіндік беретін бірегей алаң. Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұловтың айтуынша, бұл жоба Тимур Турловтың Threads желісіндегі белсенділігінен шабыт алып жасалған.

Жазба жарияласаң, кэшбэк береді

Сервистің басты ерекшелігі – әрбір белсенділік үшін сыйақы беріледі. Мәселен, жасаған саудаңыз туралы пост жарияласаңыз 100 ұпай, ал сол жазбаңызға басылған әрбір лайк үшін тағы 1 ұпайдан жиналады.

Сонымен қатар, картада жоқ жаңа сауда нүктесін тауып, сол жердегі POS-терминал арқылы төлем жасағаныңыз үшін 500 ұпай беріледі. Жиналған әрбір ұпай 1 теңгеге тең және ай соңында кэшбэкке айналуы үшін кемінде 100 ұпай жинау қажет.

Freedom Lenta бизнес өкілдері үшін де тиімді құралға айналуы ықтимал. Кәсіпкерлер өз тауарлары мен акцияларын жарнамалап, клиенттерге арнайы серіктес кэшбэгін ұсына алады. Айдос Жұмағұлов бұл сервисті тауарлардың «шексіз лентасы» деп атап өтті.

Бұған дейін Жұмағұлов Freedom Bank тұрғын үй жинақ жүйесіне қосылып, 5 пайызбен ипотека бере бастайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз