Қылмыстық істі тоқтатуға уәде берген: Ұлытауда адвокат сотталды
Жарияланды

Ұлытау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты алаяқтық жасағаны және 31 млн теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Оның сенім білдірушіні адастырып, ұлына қатысты қылмыстық істі тоқтату мәселесін шешу үшін лауазымды тұлғаларға беремін деген желеумен ақшалай сыйақы беруге көндіргені анықталды», – делінген хабарламада.
Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған бес жыл бойы адвокаттық қызметпен айналысуға және заң кеңесшісі болып жұмыс істеуге тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, осыған дейін Жетісу облысында әйел адам мал жеткізуге қатысты алаяқтық жасағаны үшін сотталғаны туралы жазған едік.