Казино мен букмекерлік кеңселерге қойылатын талап күшейді

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Казино мен букмекерлік кеңселерге қойылатын талап күшейеді/ фото: shutterstock

Қазақстанда ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жұмыс ережелеріне өзгерістер енгізілді. Тиісті бұйрыққа Туризм және спорт министрі 2026 жылғы 20 сәуірде қол қойды.

Ойын бизнесінің жұмысына қандай ережелер енгізіледі?

Жаңа ережеге сәйкес, казинолар мен букмекерлер құмар ойын ойнауына ресми түрде тыйым салынған азаматтарға рулетка айналдыртып, бәс тіктірмеуі тиіс.

Егер солардың ақшасын алып, бәс тігуіне мүмкіндік берсе, казино мен букмекер де жауапқа тартылмақ. 2024 жылы шенеуніктер, бюджеттік ұйым басшылары мен әскерилердің құмар ойын онауына тыйым салынған.

Бұл ереже казино мен ойын автоматтары залдарына, сондай-ақ букмекерлік кеңсе мен тотализаторларға да қолданылады. Қосымша ережелер 2026 жылғы 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, 2025 жылғы 25 сәуірде ойын бизнесінің жарнамасын шектейтін заң қабылданған еді.

Сондай-ақ оқыңыз