Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

Экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровты өлтірді деп айыпталған Ербол Каукетай 11 жылға сотталды. Ақпаратты Астана қаласы сотының баспасөз қызметі растады.
Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылдың 20 ақпандағы үкіміне сәйкес, сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Бабақұмаровтың қазасы
Ержан Бабақұмаров 2025 жылдың қазанында қайтыс болды. Ол 2019 жылы президент кеңесшісі – президент әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалған.
2019-2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болды.
Бабақұмаровтың артында кәмелетке толмаған 12 және 16 жастағы екі баласы қалды.