«Қайда саламыз?»: Тоқаев әуежай құрылысы туралы айтты
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада тағы бір әуежай салу қажет екенін айтты.
«Қазір алдымызда тұрған үлкен мақсат – жаңа әуежай салу. Оны қайда саламыз? Маған нақты ұсыныс керек», – деді президент Astana LRT іске қосылған кезде.
Бұған дейін Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев әуежайдың қай жерге салынатыны әлі нақты шешілмегенін мәлімдеді.
«Бірнеше бағытты қарастырып жатырмыз. Олар: Қосшы бағыты, Қарағанды және Павлодар жолы бағыты. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл мәселемен сарапшылар айналысады», – деді Өтебаев.
Айта кетейік, 2025 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада екінші әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.