Қарағанды 2028 жылы ТМД жастарының астанасы болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ашхабадта ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысы өтті/фото: bolashaq.edu.kz

Ашхабадта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Жиынға Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қатысты.

Кездесу кезінде бірқатар құжатқа қол қойылған. Ішінде ТМД елдерінің тау-кен металлургия кешені, көлік, радионавигация салаларын цифрлық трансформациялау, уран өндіру өндірістерінің әсеріне ұшыраған аумақтарды рекультивациялау мәселесі қамтылған.

Бұдан бөлек 2027 жылы Минск қаласын (Беларусь Республикасы), 2028 жылы Қарағанды қаласын (Қазақстан) ТМД жастарының астанасы деп жариялау туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 38,4 млрд долларды құрады. 2026 жылғы қаңтар-наурызда өзара сауда көлемі 17,1%-ға өсті.

Сондай-ақ оқыңыз