Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

Астананың барлық білім беру ұйымы 27 мамырдан бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдауды бастады.
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, құжаттарды өткізу офлайн және онлайн форматта жүзеге асырылады.
«Онлайн қабылдау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр», – делінген хабарламада.
1-сыныпқа бару үшін қандай құжаттар қажет?
- Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
- №065/у нысанындағы медициналық анықтама;
- №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
- Көлемі 3×4 см болатын екі фотосурет.
Еске сала кетейік, Астана қаласы бойынша құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.
Өңірлер бойынша құжат қабылдау кестесі
10 маусым – 31 тамыз аралығында: Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары;
18 маусым – 31 тамыз аралығында: Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары;
29 маусым – 31 тамыз аралығында: Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары.
Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанда 2026 жылы бірінші сыныпқа құжат қабылдау дәстүрлі түрде 1 сәуірде емес, 27 мамырда басталатынын айтқан еді.