Бір қаладан екінші қалаға көлік жеткізгенде, алаяқтарға алданбас үшін нені білу керек

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Власти Астаны отказались от идеи закрыть для автомобилей центр города из-за пробок
фото: shutterstock

Автокөліктер немесе түрлі жүктерді бір қаладан екінші қалаға тасымалдаған кезде нені ескеру керек. ІІМ өкілдері тұрғындарға арнайы кеңес берді.

5 маусымда Алматы тұрғынының құны 60 млн теңге болатын көлігін ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері дер кезінде іске кірісіп, автокөлікті тауып, заңды иесіне қайтарды. Қылмыс жасады деген күдікпен үш адам ұсталды, оларға қатысты тергеу басталды.

Алаяқтар қандай сервисті пайдаланады?

Мамандар сөзінше, алаяқтар әдетте «Della» және «Fa-Fa.kz» сияқты сервистерді пайдаланады. Сол жерге Алматы қаласы мен Алматы облысынан еліміздің басқа өңірлеріне жеткізу туралы хабарландырулар салады. Орналастырғаннан кейін алаяқтар тапсырыс берушілермен және жүргізушілермен WhatsApp арқылы байланысады. Қызмет көрсететінін айтып, сеніміне кіргеннен кейін тасымалдау шарттары жөнінде келісім жасайды. Бірақ Алматы қаласынан шыққаннан кейін алаяқтар ұрлаған автокөлік немесе жүкті басқа көлікке ауыстырып, әрі қарай өз қалауынша пайдаланады.

Алаяқтарға тап болмас үшін:

  • жүргізушінің жеке куәлігін және көлік құжаттарын мұқият тексеріп,
  • тасымалдаушының телефон нөмірін хабарландыруда көрсетілген нөмірмен салыстырып,
  • жүру бағыты мен жеткізудің соңғы нүктесін алдын ала жеке талқылап,
  • интернеттен тасымалдаушы мен жүргізуші туралы пікірлерді зерттеу керек.

Құжаттарда сәйкессіздіктер байқалса, күмән туғызатын басқа да жағдайлар анықталса, тасымалдаушының қызметінен бас тартып, бұл туралы дереу 102 нөміріне хабарлаған дұрыс.

Тағы да оқыңыз: Алаяқтар жасөспірімдерді қаржылық схемаларға тартып жатыр – ІІМ





Сондай-ақ оқыңыз