Алты айлық сәбиін өлтірген әке 15 жылға сотталды

Өзбекстанда 6 айлық сәбиін аса қатыгездікпен өлтірген ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Kun ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиға 2026 жылдың 9 қаңтарында болған.
Тергеу мәліметінше, 33 жастағы ер адам демалмақ болған кезде сәбиі шарылдап жылаған. Бұған қатты ашуланған отағасы туыстарының көзінше оның аузына шұлық тығып, екі қолынан бірнеше рет қатты сілкіген.
Соның салдарынан баланың басы диванның ағаш бөлігіне соғылып, кейін клиникалық өлім жағдайына түскен.
Сот-медициналық сараптама нәрестенің миына қан құйылғаны, ми мен өкпенің ісінгені анықталды. Сондай-ақ, сәби дем жетпей, тұншығып өлген.
Оқиғадан кейін сәби ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Алғашында іс денсаулыққа ауыр зиян келтіру бабы бойынша қозғалғанымен, кейіннен қасақана адам өлтіру бабына қайта сараланған.
Сот әкені дәрменсіз күйдегі адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтірді деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айырды.
Ал Қазақстанда «полиция қызметкерін өлтірді» деген күдікпен әйелі мен ұлы қамауға алынды.