Астанада 2030 жылға дейін қандай үйлер сүріледі / Фото: shutterstock.com
Астанада тұрғын үйді реновациялау бағдарламасы аясында сүрілетін үйлердің тізімі бекітілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің қаулысында жарияланды.
Бағдарлама 2026–2030 жылдарға арналған. Осы кезеңде апатты деп танылған 174 тұрғын үйді сүріп тастау жоспарланып отыр.
Ал 2026 жылы реновация бағдарламасына 675 пәтері бар 25 тұрғын үй енгізілген. Олардың басым бөлігі Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында орналасқан.
Бағдарламаға қандай үйлер енгізілді
Реновация бағдарламасына тозу деңгейі 60 пайыздан асқан тұрғын үйлер енгізіледі. Олардың қатарында:
кеңес дәуірінде салынған 1–5 қабатты тұрғын үйлер;
жатақханалар;
1929–1989 жылдар аралығында салынған және апатты деп танылған тұрғын үйлер бар.
Тұрғындарды қалай көшіреді
Пәтер иелеріне «шаршы метрге – шаршы метр» қағидаты бойынша жаңа баспана ұсынылады.
Бұл дегеніміз:
жаңа пәтердің жалпы ауданы бұрынғысынан кем болмайды;
бөлме саны өзгеруі мүмкін, бірақ жалпы ауданы бұрынғыдай немесе одан үлкен болады;
жаңа пәтерлер конкурс арқылы сатып алынады және барлығы толық әрленген күйде тапсырылады.
Тұрғындар көшірілгеннен кейін ескі үй сүріледі. Ал босаған жер учаскесі бас жоспарға сәйкес жол, мектеп, тұрғын үй кешендері немесе қаланың өзге де инфрақұрылым нысандарын салуға пайдаланылады.
2026 жылы қандай үйлер сүріледі
Реновация бағдарламасының алғашқы кезеңіне 25 тұрғын үй енгізілді.
№
Мекенжай
Жылы
Пәтер
Аудан
1
С. Сейфуллин, 18/3
1959
3
Сарыарқа
2
С. Сейфуллин, 18/4
1953
4
Сарыарқа
3
С. Сейфуллин, 18/5
1958
4
Сарыарқа
4
Сеченов, 6
1953
6
Сарыарқа
5
Сеченов, 8
1953
6
Сарыарқа
6
Молдағұлова, 18/2
1951
6
Сарыарқа
7
Молдағұлова, 18/3
1946
6
Сарыарқа
8
Кенесары, 19
1959
6
Сарыарқа
9
Кенесары, 21
1959
9
Сарыарқа
10
Герцен, 2А
1958
9
Сарыарқа
11
Құтпанов, 24
1961
6
Сарыарқа
12
Ұланбел, 3
1970
5
Сарыарқа
13
Алтынсарин, 14
1952
6
Сарыарқа
14
Дүкенұлы, 3
1956
3
Сарыарқа
15
Дүкенұлы, 5
1956
3
Сарыарқа
16
Атбасар, 1
1976
8
Сарыарқа
17
Абай, 87/1
1969
8
Байқоңыр
18
Абай, 87/2
1970
32
Байқоңыр
19
Құсжолы, 8
1956
16
Байқоңыр
20
Бөгенбай батыр, 54Г
1956
4
Байқоңыр
21
Жүнісов, 7
1956
4
Байқоңыр
22
Толстой, 5/1
1960
4
Байқоңыр
23
Ж. Досмұхамедұлы, 4
1975
170
Байқоңыр
24
Ж. Досмұхамедұлы, 8
1977
171
Байқоңыр
25
Ж. Досмұхамедұлы, 12
1982
176
Байқоңыр
Дереккөз: Krisha.kz
Айта кетейік, Алматыда Алатау және Жетісу аудандарындағы жер телімдерін сатып алу басталды. Тиісті қаулыға қала әкімі қол қойды. Аталған жер телімдері мемлекет қажеттелігі үшін сатып алынып, ондағы нысандар сүріледі. Сүрілетін аумақтарда кәріз-сорғы станцияларын салу жоспарланған.
https://kz.kursiv.media/wp-json/newest-post/v1/get?post_id=7000041Астанада 2030 жылға дейін сүрілетін үйлердің тізімі бекітілдіhttps://kz.kursiv.media/kk/2026-07-02/astanada-2030-zhylgha-dejin-sueriletin-uejlerding-tizimi-bekitildi/
Серіктестер жаңалығы
Сондай-ақ оқыңыз
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз. Бұл қолданушылардың сайтпен қатынасын талдауға әрі оны жақсартуға мүмкіндік береді.
Сіз сайтты қолдана отырып cookie файлдарын пайдалануға келісесіз.