Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық болады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов
Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Қазгидромет» 9-11 шілдеге ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес, кейбір өңірлерде күн 45 градусқа дейін ысиды.

Синоптиктердің мәліметінше, батыс және солтүстік-батыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғып, нөсер жаңбыр күтіледі.

9 шілдеде шығыс өңірлерде де найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде мол жауын-шашын түседі де, артынша басылады.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болжанған. Елдің қалған бөлігінде құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады.

Алдағы күндері ауа температурасы айтарлықтай көтеріледі:

  • Батыс пен оңтүстік-шығыста – +33…+42°C;
  • Солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта – +32…+40°C;
  • Оңтүстікте – +38…+45°C;
  • Шығыста – +30…+38°C.

Бұған дейін «Қазгидромет» шілде айында Қазақстанда аптап ыстық кезеңдері нөсер жаңбыр, найзағай, екпінді жел және шаңды дауылдармен алмасатынын хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз