Банктер әлі де триллиондап табыс тауып жатыр, бірақ былтырғы қарқын жоқ

Бас банктің мәліметінше, екінші деңгейлі банктер 2026 жылдың алғашқы алты айында 1 трлн 195,6 млрд теңге таза табыс тапты. Бір қарағанда, өте ірі сома. Алайда былтырғы нәтижемен салыстырғанда банк секторының табысы айтарлықтай төмендеген.
2025 жылдың дәл осы кезеңінде банктердің таза табысы 1 трлн 378,9 млрд теңге болған. Яғни биыл қаржы ұйымдары былтырғыдан 183,3 млрд теңгеге аз пайда көрді. Жылдық төмендеу 13,3%-ды құрады.
Қазақстан банктерінің таза табысы төмендеді
Екінші деңгейлі банктердің жинақталған таза табысы, млрд теңге
Банк секторы әзірге табысты күйінде қалып отыр: алты айда тапқан пайдасы 1 трлн теңгеден асып кеткен. Бірақ негізгі мәселе табыстың көлемінде емес, оның қарқынында. 2025 жылмен салыстырғанда банктердің пайдасы барлық негізгі кезеңде төмен қалыптасып, маусымда айырмашылық тіпті ұлғайды.
Бұл банктердің табыс табу мүмкіндігі азайды деген сөз емес. Алайда жоғары пайыздық мөлшерлемелерге, қымбат кредиттерге және несие портфелінің өсуіне қарамастан, сектор былтырғы рекордтық нәтижесін әзірге қайталай алмай отыр.
Тағы да оқыңыз: Қазақстанда несие мен ипотека талаптары қалай өзгеретіні белгілі болды.