Әнші Балжан Бидаштың жасырған жігіті кім

Жарияланды 22 Шілде 2026 16:34

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

Отандық эстрада жұлдызы, әнші Балжан Бидаш өзінің Instagram парақшасында оқырмандарын елең еткізген жаңа сторис жариялады.

Әнші жанындағы бейтаныс жігіттің жүзін арыстан стикерімен жауып, әсерлі жазба арқылы жеке өмірінде жағымды жаңалық бар екенін аңғартты:

«Мүмкін тағдыр бізді әдейі кешіктірді,

Бip-бірімізді бағалау үшін.

Қанша жолдан өтсем де өкінбеймін,

Себебі барлығы сенің келуің үшін»

Желі қолданушылары не дейді?

Сүйіктісінің жүзі жасырулы болғанына қарамастан, оқырмандар бұл жігіттің кім екенін бірден танығандай. Көпшілік жігіттің бұйра әрі ұзын шаш үлгісіне қарап, оны белгілі актер Санұржан Сүлейменов болуы мүмкін деп топшылап жатыр.

Кейбір оқырмандар бұл шын мәніндегі сезім болуы мүмкін десе, енді біреулері бұл тек жаңа әнге немесе бейнебаянға (клипке) арналған түсірілім сәті болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Әзірге Балжан Бидаштың өзі де, актер Санұржан Сүлейменов те бұл қауесетке қатысты ешқандай ресми пікір білдірген жоқ.

Бұған дейін, Балжан Бидаш Қайрат Нұртаспен бірге ән шығарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз