Әлемдік Dota 2 жұлдыздары Астанаға келді

Астанаға әлемнің ең мықты киберспортшылары жиналуда. Туризм және спорт министрлігі хабарлауынша, елорда әуежайына Samruk-Kazyna қолдауымен өтіп жатқан «Болашақ ойындары-2026» (GOTF 2026) аясындағы Dota 2 турнирінің бас жүлдесі үшін бақ сынайтын танымал Xtreme Gaming және Vici Gaming командалары келді.
Турнирдің басты фавориттерінің бірі Ө Xtreme Gaming командасы Қазақстанға «Болашақ ойындарының» қазіргі чемпионы мәртебесінде келді. Оның құрамында Ame, NothingToSay, Xxs, fy және xNova сияқты нағыз жұлдыздар өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, топ Dota 2-дегі ең беделді турнир – The International 2026 жарысына тікелей шақырту алып қойған.
Ең танымал топтардың бірі – Vici Gaming де турнирдің қатысушысына айналмақ. Команда бірнеше рет әлемнің ең мықтыларының қатарына енген, The International финалында ойнаған және көптеген жылдар бойы ірі халықаралық жарыстардың тұрақты қатысушысы болып келеді. Олармен бірге елордаға Dota 2 турнирінде өнер көрсететін Team Resilience және Zero Tenacity командалары да келді.
Қазақстан атынан екі команда бақ сынайды. Өз алаңындағы жеңіс үшін қазақстандық Rune Eaters командасы күреседі. Оның құрамына Даниял Әлібай, Әбдімәлік Сайлау, Әлім Беспаев, Айбек Тоқаев және Никита Остахов енді. Сонымен қатар, Астанаға қазақстандық DIGA Esports командасы да келді. Олар ел намысын PUBG: BATTLEGROUNDS жарысында қорғайды.
Dota 2 турнирінде әлемнің ең мықты 16 командасы ойнайды. Бәске тігілген жүлде қоры – бір миллион доллар. Матчтар 2-5 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.