Кеңес дәуірінде марапатталған көпбалалы аналардың жәрдемақысы қайта қаралуы мүмкін

Жарияланды
Конституциялық сот заңды қайта қарайды / Фото: gov.kz

Кеңес заманында төрт-бес емес, алты және одан да көп баланы өсіріп, төсбелгі таққан аналардың жәрдемақысына қатысты даулы мәселені Конституциялық сот сарапқа салмақ, деп хабарлайды  Kursiv.Media.

Конституциялық сот әлеуметтік кодекстің 93-бабының 1-тармағы мен 94-баптың талаптарын Ата Заңға қаншалықты сай келетінін тексереді. 

Мәселені көтерген азаматтың айтуынша, бұрынғы одақ тұсында алты немесе одан да көп бала дүниеге әкеліп, ана атағы берілгендер қазіргі марапатталған аналармен бірдей әлеуметтік көмек пен жәрдемақы алуы тиіс, яғни құқықтары тең болуы керек.

Бұл мәселенің қалай шешілетіні жақын арада Конституциялық соттың ресми сайты мен Telegram-арнасында жарияланбақ. 

Еске салсақ, осыған дейін Конституциялық сот белгілі бір қызметтерге өмір бойы тыйым салу заңына қатысты мәселені қарайтынын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз