«Ертерек келіңіздер»: Қытайға баратын туристер үшін хабарландыру жасалды

Биыл 15 қыркүйектен бастап Қытайда елге кіру және елден шығудың жаңа ережелері күшіне енеді. Осыған байланысты иммиграциялық бақылау кезінде құжаттарды тексеру рәсімі ұзаққа созылуы мүмкін деп хабарлайды Kursiv Media.
Fly Arystan компаниясы, Қытайға баратын немесе елден шығатын жолаушыларға сапар алдында қажетті құжаттардың, соның ішінде паспорттың жарамдылық мерзімін тексеріп алуды ұсынып отыр. Сондай-ақ Қытайға кіріп-шығу талаптарымен де танысып отыру қажет.
Жолаушыларға ұшуға дейін кемінде 3 сағат бұрын әуежайға келу ұсынылады. Бұл паспорт және иммиграциялық бақылаудан өтуге қосымша уақыт береді.
Әуе компаниясы Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің сақталатынын еске салды. Қазақстан азаматтары бір барғанда Қытайда 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады.
Оқи отырыңыз: Қырғызстанда туристерді міндетті сақтандыру жүйесі енгізіледі