Маңғыстаулық қари құранды жатқа оқып, Haval көлігін ұтып алды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Мүфтият

Ақтөбеде Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан XV республикалық байқау өтіп, жеңімпазға жаңа автокөлік табысталды. Екі күнге созылған жарысқа еліміздің әр өңірінен 80 қари қатысты деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бас жүлдені Маңғыстау облысынан келген Рахымжан Ержанұлы иеленіп, жаңа автокөлікке ие болды.

Фото: Мүфтият

Екінші орын Ұлытау облысының өкілі Ахмад Махмадраджабұлына бұйырып, оған 5 млн теңге берілді. Үшінші орын алған қызылордалық Нұртілеу Серікұлы 4 млн теңге, төртінші орын иегері ақтөбелік Бекзат Дулатұлы 2 млн теңге, ал бесінші орынға ие болған қарағандылық Мансұрхан Сарварханұлы 1,5 млн теңге алды.

Бұдан бөлек, Құранды мәнерлеп оқу және 20, 10 параны жатқа оқу бойынша сынға түскен қариларға да ақшалай сыйлықтар табысталды.

Фото: Мүфтият

Байқаудың ең жас қатысушылары – Шығыс Қазақстан облысынан келген 9 жастағы Ахмет Нұрланұлы мен Қарағанды облысының өкілі 9 жастағы Әбділәзиз Әбдулбасит «Көрермен көзайымы» номинациясында 300 мың теңгеден алды.

Марапаттау рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құран жолында еңбектенген әр қатысушының еңбегі маңызды екенін атап өтті.

Еске салайық, осыған дейін Астанада ІI республикалық «Үздік имам» сайысының жеңімпаздары анықталған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз