«Алматы – Бішкек» тас жолында жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі
Жарияланды

11 қыркүйектен бастап «Алматы – Бішкек» тас жолының 25-ші шақырымында ірі габаритті көліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.
Шектеу Қаскелең қаласы маңында жол айрығын салу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр. Бұл жөнінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының аймақтық филиалы мәлімдеді.
«Жаңа талап биіктігі төрт жарым метрден, ені 8 метрден асатын ауыр жүк көліктеріне қатысты. Ал жеңіл және қоғамдық көліктер әдеттегі режимде қатынайды», – делінген ақпаратта.
Мамандар жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, балама жолдарды пайдалануды ұсынады. Бұл тәртіп құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін, яғни жыл соңына дейін сақталады.
Мұның алдында «ҚазАвтоЖол» тасжолда апаттық жағдай тудырмас үшін қалай тоқтау керегін хабарлаған еді.