Демалыс күндері ауа райы салқындайды
Жарияланды

Алдағы демалыс күндері ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
«Қазгидромет» мәліметінше, 12-14 қыркүйек аралығында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай байқалады, жел күшейеді.
Қазақстанның оңтүстігінде әзірге жылы ауа райы сақталады. Ал солтүстік өңірлерде жылы әрі құрғақ күндерден кейін ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі және жел күшейеді.
Ал елдің батысында ауа райы біртіндеп тұрақтанады. Жаңбыр тоқтап, ауа температурасы көтеріле бастайды.
Күндізгі ауа температурасы солтүстікте +13+20 °С-қа, орталық өңірлерде +15+25 °С-қа дейін төмендейді.
Батыс өңірлерде ауа температурасының біртіндеп +20+30 °С-қа дейін көтерілуі ықтимал.