Алматыда заңсыз қоқыс полигонында өрт шықты
Жарияланды

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылдық округіндегі Көксай ауылының маңында заңсыз қоқыс полигоны өртенді деп хабарлайды Kursiv Media.
Қараусыз қалған аумақтағы өрттің аумағы 400 шаршы метрді құрады.
Төтенше жағдайлар қызметінің жедел әрекет етуінің арқасында өрт оқшауланды. Оқиға орнында үздіксіз су шашып, арнайы техника жұмылдырылды. Қазір мамандар өрт ошақтарын топырақпен көму және аумақты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жалын толықтай сөнген жоқ, әлі де өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.