Жылу есептегіші жоқ тұрғындарға 1,2 млрд теңге қайтарылады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстандықтарға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылады
Қазақстандықтарға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылады / Фото: Pixabay.com

Үйінде жылу энергиясын есепке алу аспабы жоқ тұрғындарға өткен қыста төлеген ақшасының бір бөлігі кері қайтарылатын болды деп хабарлайды Kursiv.Media.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2025–2026 жылғы жылыту маусымын қайта есептеп, халықтың 1,2 миллиард теңгеден астам ақшаны артық төлеп қойғанын анықтады.

Дегенмен қайтарылатын ақша тұрғындардың қолына берілмейді. Ол алдағы жылыту маусымында түбіртекте жеңілдік ретінде есептеліп, төлейтін ақшаңызды азайтып береді.

Тұтынушыларға қайтарылатын қаражат мөлшері:

  • Астана – 460,67 млн теңге;
  • Алматы – 57,77 млн теңге;
  • Шымкент – 38,5 млн теңге;
  • Абай облысы – 270 мың теңге;
  • Алматы облысы – 12,7 млн теңге;
  • Ақмола облысы – 13,98 млн теңге;
  • Атырау облысы – 22,09 млн теңге;
  • Ақтөбе облысы – 11,03 млн теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 298,56 млн теңге;
  • Жамбыл облысы – 26,06 млн теңге;
  • Батыс Қазақстан облысы – 1,82 млн теңге;
  • Қостанай облысы – 25,69 млн теңге;
  • Қызылорда облысы – 42,21 млн теңге;
  • Маңғыстау облысы – 161,6 млн теңге;
  • Павлодар облысы – 29,11 млн теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 14,59 млн теңге;
  • Түркістан облысы – 370 мың теңге.

Қарағанды, Ұлытау және Жетісу облыстарында бөлек қайта есептеу жүргізілген жоқ, өйткені қызметтердің құны бұған дейін де ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептелген.

Астанада қайта есептеу нақты температураны есепке ала отырып жасалды, дегенмен төлемақылар маусым бойы оның өзгерістеріне байланысты ай сайын түзетіліп отырды.

Өткен 2024–2025 жылдардағы жылу беру кезеңінде жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1,5 млрд теңгеге жуық қаражат қайтарылған.

Еске салайық, Қазақстанда энергетикалық инфрақұрылымды жылыту маусымына дайындауға Үкімет резервінен 27,9 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ оқыңыз